Яндекс Дропс құлаққабының барлық функцияларын пайдалану үшін Wi‑Fi арқылы интернетке қосылу және Яндекстегі аккаунт қажет.
Егер интернет қолжетімді болмаса, Алиса AI-мен сөйлесе алмайсыз.
Яндекс Дропсты кәдімгі Bluetooth-құлаққап ретінде қолдануға, мысалы, құрылғыңызда сақталған әндерді тыңдауға болады.
Музыканы дауыспен басқара бересіз, Алиса AI-ды шақырудың немесе оны [түрту](*activation) арқылы қосудың қажеті жоқ. Тректі ауыстыру немесе туындыны кідірту үшін, бірден қажетті пәрменді айтыңыз.
Ойнатуды басқару пәрмендері тіпті интернет болмаған кезде де анықталады.
Яндекс Дропс құлаққабы Bluetooth арқылы дыбысты ойнату кезінде эквалайзер пресетін қолданады. Құлаққаптың дыбыстауын өзгерту үшін Алиса AI қолданбасына өтіп, эквалайзерді реттеңіз.